11.06.2018, 17:46
Оқылды: 29

Тәжиден Батырұлы мешіті қайырымдылық шараларын өткізді

IMG-20180522-WA0019Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған Тәжиден Батырұлы мешіті қасиетті Рамазан айында сауапты істердің қатарын арттырып, қоғамымыздағы мұқтаж жандарға мейірім шуағын сеуіп келеді.

Жыл сайынғы үрдіс бойынша арнайы «Облыстық балалар үйінің» кішкентай тәрбиеленушілеріне қаламыздың«Шұбатхана» дәмханасында дастархан жайылды. Жастайынан өзгеден мейірім іздеп, қамқорлыққа зәру боп келе жатқан бүлдіршіндер бұл күні өздерін үлкендер қатарына қосылғандай сезінді. Тәжиден Батырұлы мешітінің Бас имамы Мейрамбек Абдрахманов  балақайлардың бақытты сәтін бірге бөлісті. Арнайы сыйлықтар беріліп,«Балаларға базарлық» мерекелік шағын концерттік ойындар ұйымдастырылды.

Аталған мешіт ұжымы қариялар үйінде де қайырымдылық шарасын өткізді. Бас имам барша ата-әжелерді Рамазан айымен құттықтады. «Нұр-Мүбарак» университетінің  студент қыздары мен қалалық кітапхана қызметкерлері, жас әнші-күйші жігіттер өз өнерлерімен қариялардың көңілін көтеріп, концерттік шара ұйымдастырды. Өздерімен ала барған сыйлықтарын да табыс етті.

           «Тәжиден Батырұлы мешітінің» баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале