22.04.2019, 15:21
Оқылды: 25

Театр ардагеріне құрмет көрсетті

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев А.Островский атындағы драма театрында 50 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан, бүгінде 80 жасқа толған Владимир Кравцовты қабылдады.

Kravcov (1)
Облыс әкімінің бірінші орынбасары сахна ардагеріне облыс әкімі мен өңір тұрғындары атынан Ақжайық өңіріндегі мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

 

Қабылдауда Ғали Нәжімеденұлы Владимир Кравцовты мерейлі 80 жасымен құттықтап, облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атынан құттықтау хаты мен гүл шоғын табыс етті.

Өз кезегінде мерейтой иесі қошемет көрсетіп жатқан облыс әкімдігіне шынайы ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, Владимр Артемьевич 1939 жылдың 22 сәуірінде Ресейдің Красноярский қаласында дүниеге келген. Өмірін шығармашылықпен, театр өнерімен байланыстырған актер әрбір қойылымдағы кейіпкерін шебер сомдап, көрерменнің жүрегіне жол таба білген. Ол өз кейіпкерін жан-жақты талдап, мінез болмысын бойына сіңірген адам. Театрда қызмет еткеннен бері – А. Чеховтың «Чайка», М. Горькийдің «На дне», Л. Толстойдың «Власть тьмы»  сықылды тағы да басқа көптеген қойылымдарда Дорн, Костылов, Петр сияқты кейіпкерлерді шынайы сомдаған.

Сондай-ақ ол балаларға арналған «Волшебный родник», «Жемчужное ожерелье», «Веселый скоморох», «Три шелчка» атты ертегілердің авторы.

2014 жылы театр өнеріндегі айрықша еңбегі үшін салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған.

Есенжол Елекенов,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Kravcov (2) Kravcov (3) Kravcov (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале