13.06.2018, 13:30
Оқылды: 39

TEDxAstana 2018 конференциясы қайта түлеу тақырыбында өтті

Жуырда елордада TEDxAstana 2018 конференциясы өтті. TEDx(Technology, Entertainment, Design) жобасын идеялар марафоны деуге болады. Өйткені бұнда түрлі ғылымның өнертапқыштары мен бірегей идея авторлары өз білгенімен, идеяларымен бөліседі. Бұндай сипаттағы шара алғаш 1984 жылы Калифорнияда қолға алынған екен. Ал Астана қаласы 2015 жылдан бері көпшілікке таратуға лайықты идеялар алаңы болып келеді.

Өмір сапасын өзгерту, адамзатқа қатысты түйткілді мәселелердің шешімін табуға бағытталған идеялар алаңы осы жолы да айтары бар азаматтарды жинады.

TED форматындағы шарада қатысушылар өз ойын 18 минутқа сыйғызуы шарт. Мамандардың айтуынша, осы уақыт тыңдарманның назарын ұстауға жеткілікті. Ең үздік идеялар ресми сайтта жарияланып, 8 мыңнан аса ерікті оларды бірнеше тілге аударады. Еркін форматта өтетін конференция мақсаты – әлемнің әр түкпірінен мықты идея авторларын сөйлету, өзара тәжірибе алмасу.

Конференцияда бионикалық протездер жобасының негізін қалаушы Мәулен Бектұрғанов, генетик, биология ғылымдарының кандидаты Мақсат Жабағин, «Балаларға арналған компьютерлер» бағдарламасының негізін қалаушы Равиль Насифулин, Ауғанстанда құрылыс компаниясына жетекшілік еткен алғашқы әйел Манижа Пактин, орталық Азиядағы тұңғыш фактчекинг жобасының жетекшісі Адиль Джалилов, күйікті емдеуге арналған биологиялық таңғыш шығару жобасын қолға алған комбустиолог Қабылбек Әбуғалиев, режиссёр, аниматор, «Lé Shapalaque Comics» жобасының авторы Әділ Зәкенов және т.б. спикерлер өз саласындағы жетістіктерімен бөлісті.

34963531_1458187470953987_2994725745965662208_nМәселен, зерттеуші Әйгерім Құрманбайқызы - Қазақстанда алғаш рет емдік сілекейді таза күйінде, яғни сүлікті өлтірмей алу әдісін ашқан оқушы.
Жас ғалымның ойынша, адам организмінің мүмкіндіктері мол. «Біз ағзамызда және табиғатта жасырылған барлық потенциалды пайдалана білуіміз керек, сонда қатерлі ісіктің де емі табылуы мүмкін» дейді жас ғалым.

Идеялар марафонына БҚО-дан «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин де қатысып қайтты. Айта кетейік, батысқазақстандық бір топ азамат өлке тарихын зерделеумен айналысуда. Бастамашыл топтың ізденісі нәтижесінде Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі мұрағаттардан  маңызды құжаттардың көшірмелері әкелінді. Соның негізінде бірнеше кітап, жинақ жарық көрді. Бүгінде олар көне метіркелік кітаптарды зерттеуде.

34826182_1458196867619714_8834475122002755584_n- Конференцияның ұйымдастырулары өте жоғары деңгейде болды. Бір деммен өтті. Биылғы тақырып «қайта түлеу» деп аталады екен.
Мен осыған дейін зерттеп жүрген Батыс Қазақстан облыстық басылымдарының тарихы, 1911-1913 жылдары шыққан «Қазақстан» газеті, Ғұмар Қараштың шығармашылығы, құлпытастар мен метіркелер туралы ойларыммен бөлістім. Адамға пайдалы түрлі жобаларды жүзеге асырып жүрген басқа да спикерлер өз істерімен таныстырды, - делінген Ж.Набиоллаұлының facebook-тегі жазбасында.

Шарада Астана Опера» балет театрының солистері Рүстем Сейітбеков және Әсел Құсайынова қатысушылар назарына Кристоф Виллибальд фон Глюктің «Орфэй және Эвридика» операсынан үзінді ұсынды.

Айдана Хамидуллина

zhaikpress.kz

Фотосуреттер TEDxAstana парақшасынан алынды

34984859_1458276874278380_6268947687014400000_n34752135_1458027340970000_1870615457506000896_n

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале