14.11.2019, 18:54
Оқылды: 114

Telegram-bot арқылы мемлекеттік қызметтің 23 түрін алуға болады

Жыл басында Мемлекеттік корпорацияның Батыс Қазақстан облысы бойынша  филиалында электрондық қызметтер орталығы (Цифрлық ХҚКО) ашылды. Цифрлық ХҚКО-ның жұмысы толығымен автоматтандырылған, бейнероликпен оқыту кабинеті бар. Онда қызмет алу бойынша қадамдық нұсқаулық бар, сертификаттар беріледі. Азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алады.

2-7

Бұл жайлы Оралдағы өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте мемлекеттік корпорацияның БҚО филиалы директорының орынбасары Жанна Батаргалиева кеңірек әңгімелеп берді.

Корпорацияда мобильді топ құрылған. Олар күн сайын халыққа, мемлекеттік органдардарға Telegram-bot арқылы мемлекеттік қызметті қалай алу керектігі жөнінде оқыту жүргізеді.

-Брифингті пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ электронды порталға тіркеліп, Telegram-bot арқылы мемлекеттік қызметтің 23 түрін алуға болатынын айтқым келеді. Мәселен, жылжымайтын мүліктің болуы не болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тыйымның болу-болмауы туралы анықтама, борышкерлер тізімі бойынша тексеру және шығуға тыйым салу, психо-нарко-туберкулезге қарсы диспансерлерден анықтама, медициналық ұйымға тіркеу, дәрігердің қабылдауына жазылу сияқты барлық анықтамаларды алу 2 минуттан аспайды, - деді Жанна Батаргалиева.

Бүгінгі күні БҚО-да Telegram-bot бойынша 15 мыңнан астам азамат оқытылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне барып қызмет көрсететін мобильді топ 6 мыңдай мекенжайға барып, 9 мыңдай мемлекеттік қызмет көрсеткен. Жыл басынан бері тоғыз айда Мемлекеттік корпорацияның БҚО бойынша филиалы 900 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен. 200 мың электрондық-цифрлық қолтаңба берілген.

Н.Нұрланұлы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале