18.09.2020, 9:52
Оқылды: 101

Tengri Bank лицензиясынан айырылды

2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Tengri Bank» АҚ-сын барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

200918094947a3696064d
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өтемақының ұлттық валютада төленетін мәлім етті. Оның сомасы:

- теңгедегі жинақ салымдары (депозиттер) бойынша 15 млн. теңгеден;

- ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша 10 млн. теңгеден;

- шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн. теңгеден аспауға тиіс. Салымшыда түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиттер болған жағдайда, олар бойынша 15 млн. теңгеге дейін жиынтық кепілдік берілген өтемақы төленеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале