1.10.2019, 17:26
Оқылды: 556

Теректі ауданында 11 инвест жоба жүзеге асуда

«Теректі ауданының инвестициялық ахуалын жақсарту, инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде» дейді аудан әкімі Әділ Жоламанов.

Terekta Zholamanov

-Ауданымыз бойынша қазіргі уақытта 157 млрд. 656 млн. теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылуда. Атап өтсем, «ABS-Мұнай» ЖШС-ның Алғабас ауылындағы мұнай өңдеу зауыты құрылысы, «Ringo-Milk» ЖШС-ның Подстепное ауылдық округіндегі сүт тауар фермасының құрылысы, «Сырым-KZ» ШҚ-ның Теректі ауданының Жайық станциясы маңында 3000 басқа арналған бордақылау алаңы құрылысы, «Теректі» шаруа қожалығының қоғамдық монша-сауықтыру кешені құрылысы, Жаңа Өмір ауылында жол сервистік бағыттағы 200 орындық кафе құрылысы, «Мирас» ЖК-ның Подстепное ауылындағы жол сервистік бағыттағы 200 адамға арналған асхана құрылысы,-деп санамалап өтті аудан әкімі.

Одан бөлек, Теректі ауданында көлемі 13 млрд. 140 млн. теңгені құрайтын жаңа 9 инвестициялық жобаны іске асыруды көзделген. «Anb Engineering» ЖШС Богдановка ауылдық округі Алғабас ауылының маңынан керамзит және цемент зауытының құрылысы жобасын, «Теректі тұқым» ЖШС Теректі ауданы Сарсенов ауылында 2000 гектар аумаққа дәнді және дәнді бұршақты, майлы, азықтық және бақша дақылдарын өсіру жобасын, «Куаналиев» ЖК Подстепное ауылдық округінде жол сервистік бағытта көп отынды жанар-жағармай бекетін, 100 орындық кафе, дүкен, дөңгелек жөндеу орталығын, 60 адамға арналған қонақ үйі құрылысы жобасын, «Серешев» ЖК Подстепное ауылдық округі Барбастау ауылындағы 100 орындық балабақша және кондитерлік цех құрылысы жобасын қолға алуда.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале