17.04.2019, 19:23
Оқылды: 27

Теректіде биыл алты ауылға таза су барады

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов бастаған, аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Шарафутдин мен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Исеев қостаған топ Федоров ауылындағы 3 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй құрылысымен танысты.

IMG_0058

Жұмыстарды "Альтаир" ЖШС жүргізуде. Құрылыс басында 50-ге жуық адам жұмыс жасап, тұрғын үй мамыр-маусым айларында пайдалануға берілмекші. Аудан әкімі жұмысшылармен кездесіп, серіктестік өкілдеріне жұмыстың сапалы болуын тапсырды. Биыл ауданымызға қарасты бірнеше ауылға таза ауыз су тартылады. Солардың бірі - Богданов ауылдық округі. Аудан басшысы округке ат басын бұрып, мердігер ретінде танылған "Жолаушы Жол" ЖШС-ның жұмысын көзбен көрді. Биыл Богдановтағы 153 аула таза ауыз суды тұтынатын болады. Аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Серікұлы және аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Байжанұлы Приречный ауылында болды. Бұл ауылда 230 аулаға су кіріп, ауыл халқы игілікке кенелер күн де жақын. Биыл аудан бойынша Богданов пен Приречныйды қосқанда алты ауылға таза ауыз су барады.

Әділет Орынбасар,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

IMG_0054

IMG_0005

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале