6.09.2018, 15:50
Оқылды: 43

Теректіде мал ұрлығы тыйылмай тұр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

мал

Баспасөз мәслихатына спикер ретінде қатысқан  Теректі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Лауаз Уәлиев ауданның тыныс-тіршілігіне жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, аудан бюджеті 8 млрд. 537 млн. 761 мың теңгені құраса, жеті ай қорытындысы бойынша игеру 97 пайызға жеткен. Аудандағы өнеркәсіптің өндіріс көлемі
былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 143,5 пайызды құраған. Бұл өсім азық-түлік өнімдері көлемінің 3,6 есеге, өсімдік майын өндіру көлемінің 11,9 есеге және машиналар мен жабдықтарды жөндеу көлемінің 1,2 есеге өсуі есебінен болып отыр. Ауданда мал басының өсімі байқалады. Алайда мал ұрлығы фактілері азаймай отыр. Биылғы жеті айдың ішінде ауданның арнайы жер қорына игерілмей жатқан жалпы көлемі 11 014 гектар құрайтын тоғыз жер телімі қайтарылған. Нәтижесінде 18 қожалыққа 9 372 гектар қосымша жер беруге мүмкіндік туған. Ауыл шаруашылығына бө-лінген жерлерді тиісті мақсатта қолданбағаны үшін қайтарып алуға байланысты мемлекет бюджеті 1 млн. 50 мың теңгеге толыққан.

Бүгінде ауданның 18 елді мекені орталықтандырылған су желісімен қамтылған. Бұл жалпы аудан тұрғындарының 55, ал елді мекендер санының 35 пайызын құрайды. Жаңа өмір мен Ұзынкөл ауылдарының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үшін 488 млн. 359 мың теңге және 197 млн. 443 мың теңгеге су құбырларының құрылысы жүр-
гізілуде. Аудандағы елді мекендердің 63 пайызы көгілдір отын желісіне қосылған. Донецк, Богдановка, Придорожное, Приречное, Алғабас, Сәрсенов, Шөптікөл ауылдарына газ құбырлары тартылуда. Баспасөз мәс-лихатында аудандағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, қоғамдық-саяси жағдай, цифрландыру, рухани жаңғыру бағытында атқарылып жатырған істер егжей-тегжейлі баяндалды.

Нұртас  НАБИОЛЛАҰЛЫ,

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале