31.10.2017, 17:43
Оқылды: 47

Теректілік 1329 тұрғынға жер телімі беріледі

 

Jer telimiБұл туралы Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов брифингте айтты.

Оның баяндауынша, былтырғы жылы ауданға қарасты Ақжайық, Юбилейное, Тоқпай, Жаңа Өмір, Федоровка ауылдарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту қолға алынған. Ақжайық, Юбилейное, Федоровка ауылдарында бұл жұмыстар аяқталған болса, Тоқпай, Жаңа Өмір ауылдарында жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Осы жобалар нәтижесінде кезекте тұрған 1329 адамға жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімі беріледі.

Аудан әкімі өз баяндамасында мал шаруашылығының дамуына да тоқталып өтті. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 шаруа қожалығы 123,5 млн.теңге несие қаржыға 6 бұқа және 372 аналық мал алыпты. «Ауыл шарашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы аудан бойынша барлығы 62 жеке тұлға 201,75 млн. теңге несие алған. Покатиловка ауылында «Достық» ауыл шарушылық өндірістік кооперативі бағасы 4,5 млн. теңгеге 2 тонналық сүт салқындатқыш танкер сатып алып, бүгінгі күнге 6,2 тонна сүт қабылдап, қайта өндеуге тапсырған.

Атқарылған жұмыстар турасында есеп берген аудан әкімі бұдан соң өңірдің таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, сапалы жол қатынасымен қамтылу, тұрғын үй құрылысы жайына тоқталды. Сонымен қатар аудандағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауыл-аймақты абаттандыру, тұрғындарды жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында атқарылған игі істер жөнінде айтып өтті.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале