13.01.2017, 15:45
Оқылды: 17

«Технодом» компаниясының игі бастамасы         

tehnodom (1)2002 жылы Алматы қаласында құрылған, Қазақстанның 26 қаласында орналасқан, жалпы сауда көлемі 80 000 шаршы метрді құрайтын 63 дүкені бар «Технодом» компаниясы тағы бір игі істің жаршысы атанды. Аталмыш компания «Табиғатты сүйеміз, Қазақстанды сүйеміз!» жобасын жүзеге асыру мақсатында Республика көлеміндегі өз сауда орындарында электр қалдықтарын жинауға арналған экобокстарды орнатуды қолға алды.


Қоршаған ортаның тазалығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат еткен компания еліміздің экологиясына қамқорлық жасап, сауда орындарында пайдаланылған батареялар, ескі сымдар мен кабельдер, электр-тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын экобокстар қойған.

Аталған жоба міндетті түрде қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу бойынша тұтынушылар мәдениетінің дамуына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға және қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға зор үлес қосары анық.

Күні бүгінге дейін еліміз бойынша сауда орындарында 126 экобокс орнатылған. Болашақта осындай қалдық жинауға арналған контейнерлер санын көбейту жоспарлануда.

tehnodom-Адам – табиғаттың ажырамас бөлшегі. Сондықтан оны қастерлеп, ластануына жол бермеу маңызды. Біз күнделікті үйден шығатын қоқыстар мен зауыт-фабрикалардың өндірістік қалдықтары қоршаған ортаға қаншалықты залалын келтіретінін бір сәт ойланып көрдік пе?
Деректерге сүйенсек, қазіргі таңда ел аумағында 22 миллиард тоннадан астам өндірістік және тұрмыстық қалдық бар. Оның 7 миллиард тоннаға жуығы қауіпті. Ғалымдардың пайымдауынша, егер жағдай осылай жалғаса берсе, 2020 жылға қарай қалдық 28 миллиард тоннаға жетіп, экология мен халықтың денсаулығына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Қазіргі таңда, жасыратыны жоқ, өндірістік қалдықтар өз алдына, тұрмыстық қалдықтарды да кәдеге жарата алмай келеміз. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндетті екен. Яғни әйнекті әйнек, қағазды қағаз, пластикті пластик төгетін жәшікке бөлек салады. Нәтижесінде әйнек сауыттардың 90 пайызы, қағаз өнімдерінің үштен бірі қайта өңделеді. Ал біздің елімізде ше? Тұрмыстық қалдықтар сұрыпталмақ түгілі, оның 15 пайызы ғана өңделіп, пайдаға жарайды. «Технодом» компаниясының қолға алған жобасы да осы іспеттес. Біздің сауда орындарымыздағы экобокстар электр қалдықтарын жинап, оны қайта кәдеге жарату мақсатында орнатылған. Кез келген адам өз үйіндегі электр қалдығын тегіннен тегін осы экобокстарға әкеліп сала алады. Қоршаған ортаның тазалығымен қауіпсіздігін сақтау мақсатында қолға алынған тың жобаны басқа да қазақстандықтар қолдайды деген үміттеміз, -дейді «Технодом» компаниясының басшылары.

Қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында қолға алынған жоба бойынша «Технодом» ұлттық дүкендер желілерінде контейнерлер орнатылды. Олардың бетіне жазылған жазуға қарап, қандай қалдыққа арналғанын білуге болады.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале