6.06.2019, 15:34
Оқылды: 129

Тікелей эфирде «Әкім сағаты» өтеді

Бүгін сағат 19:30-да «AQJAIYQ» арнасында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен тікелей эфирде «Әкім сағаты» өтеді.

IMG_20190606_152939_

Тікелей эфир арқылы өңір басшысы батысқазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді.

Эфир барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, түрлі салада кездесетін өзекті мәселелер мен олардың шешілу жолдары, болашақ еншісіндегі жоспарлар айтылады.

Эфир кезінде қоңырау шалып, сұрақ қоюға мүмкіндік бар. Бағдарлама барысында телеарнада арнайы Call-орталық жұмыс жасайды. Сауалдарыңызды 28-58-69 байланыс нөміріне хабарласып қоюға немесе whatsapp желісіндегі 8-777-200-64-15 нөміріне жіберуіңізге болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале