22.11.2016, 17:16
Оқылды: 43

Тоғызқұмалақшылар топ жарды

 

15181590_342932942733711_4193763213663775433_n18-22 қараша аралығында Павлодар қаласында тоғызқұмалақтың блиц түрінен ерлер арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті.


 

Байрақты бәсекеге еліміздің 14 облысынан спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, Батыс Қазақстан облысы құрама командасының мүшелері жүлделі орындарға ие болды. Нəтижесінде Матылов Сайлан чемпион атанса, Сағынбаев Жарасхан жəне Қайыржанов Əсет үшінші орындарға ие болды.

15109555_342932922733713_9211611184385364112_nЖеңіс тұғырына шыққан 4 спортшының үшеуі Батыс Қазақстан облысы құрамасының мүшелері екенін айта кеткен жөн. Мұндай жетістік тоғызқұмалақ тарихында бұрын-сонды болмады дейді жарыс ұйымдастырушылары.

Айта кетелік, аталмыш жарыста 1 жəне 2 орын алған тоғызқұмалақшылар әлем чемпионатына жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты елордамыз Астана қаласында 2017 жылы өтетін болады.

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале