28.04.2017, 17:42
Оқылды: 78

Тоғызқұмалақшыларды қабылдады  

 

«Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен  тоғызқұмалақтан облыс құрамасын қабылдап, құрмет көрсетті. Айта кетейік, өңір спортшылары Қызылорда қаласында өткен ҚР тоғызқұмалақтан өткен ерлер арасындағы чемпионатта командалық есепте жеңіске жетті.

- Ақжайық өңірі спорттың қай түрінен болса да, алда келеді. Біз әрдайым өз жеңімпаздарымызды мақтан тұтамыз. Оған кешегі Рио олимпиадасында бокстан алтыннан алқа таққан Даниярдың ерлігі дәлел бола алады. Сондай-ақ қазақ халқының ұлттық өнері – тоғызқұмалақ еліміз бойынша қарқынды дамып, жақсы жолға қойылып келеді. Бұл бізді қуантады. Осыған дейін ұлттық ойынымыздан бірнеше рет әлемдік чемпионаттар оздырылған болатын. Ал биыл ЭКСПО-2017 аясында Астана қаласында тоғызқұмалақтан өтетін ІV әлем чемпионатына да біздің облыстың спортшылары қатысатын болады.

Ал күні кеше ғана Қызылорда қаласында ҚР тоғызқұмалақтан ерлер арасындағы жарыста сегіз облыстың спортшылары бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша, біздің спортшылар алғаш рет облыс бойынша командалық есепте І орын алып,  жеңіс тұғырынан көрінді. Ұлттық ойынды ұлықтауда намысты қолдан бермеген жеңімпаздарға толағай табыстар тілеймін деген, - Серік Кенжебекұлы  жеңімпаздарға демеушілердің ұсынған бағалы сыйлықтарын табыстап, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Бұдан кейін жиынға қатысушылар өңіріміздегі тоғызқұмалақ спортының алға басуына оң ықпал танытып келе жатқан облыс басшылығына алғыстарын жеткізді.

Ләззат ШАҒАТАЙ

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале