12.12.2019, 15:12
Оқылды: 30

Тоқаев: "Баспана мәселесін түбегейлі өзгерту керек"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй қолжетімдігі үшін қосымша шаралар қабылдап, жылына 2 пайыз ипотекалық несиелеу бағдарламасының қатысушылар тізімін ұлғайтуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ui

 "Халық жай ғана тұтынудан жинақтауға ауысуы керегін түсініп жатқаны маңызды. Қазір "Тұрғын үй жинақ банкінде" 1,5 миллион салым ашық. Әкімдіктерде баспанаға кезекте тұрған 523 мың адамның 200 мыңға жуығы ақша жинай бастаған. Демек, оларда тиімді шарттармен баспана мәселесін жылдам шешетін мүмкіндік пайда болады. Жауапкершілігі бар ата-аналар балаларға арналған 180 мың депозитін ашқан", - деді Президент мемлекеттік наградаларды табыстау салтанатында. Ол 2019 жылы 4 мың аз қамтылған отбасы "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша қоныс той тойлағанын айтты. Бұл бағдарлама бойынша қарыз жылына 2 пайыз төлеммен беріледі. Алғашқы жарна - 10 пайыз. Қарыз мерзімі - 20 жылға дейін. "Әрине, бұл жеткіліксіз. Қазір тоқмейілситін уақыты емес. Баспана мәселесін түбегейлі өзгерту керек. Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады. Баспанамен қамтамасыз ету - мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеті, сондықтан жақын арада қосымша шаралар қабылданады. Үкімет "Бақытты отбасы" бағдарламасының тәжірибесін кезектегі барлық адамға тарату мәселесін қарастырып жатыр", - деді Мемлекет басшысы.  Ол үкіметке 2020 жылы бұл бағдарламаны ұлғайтуды тапсырғанын айтты.  "Басқаша айтқанда, халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне бірінші деңгейде көңіл бөлінеді. Бұл жұмыстың жемісі алыста емес деп ойлаймын", - деді Тоқаев.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале