13.12.2017, 11:30
Оқылды: 97

Төрт адам «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын алды

Орал қалалық мәслихатының XVII кезектен тыс сессиясында 4 адамға «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы салтанатпен табысталды.

Ұзақ жылдар бойы Махамбет атындағы БҚМУ-да ұстаздық еткен соғыс және еңбек ардагері Қалам Сүйіншәлиев пен зейнеткер-ұстаз Меруерт Жолдықайырова, ерекше дауысымен теледидарда диктор болып, мәдениет саласында еңбек еткен режиссер Николай Баймұқашев пен талай жыл «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясын» басқарған Яхия Чудров «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын алды. Зейнеткерлерге марапатын табыстаған Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев ардақты жандардың өлшеусіз еңбегіне ризашылығын білдірді. Зейнеткерлер де өздеріне көрсетілген құрметке жүрекжарды лебіздерін айтты.

Ясипа РАБАЕВА,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале