7.09.2020, 17:55
Оқылды: 210

Төтенше жағдайлар министрлігінде 25 мыңға жуық адам еңбек ететін болады

Төтенше жағдайлар комитеті бір айдың ішінде ҚР Ішкі істер министрлігінің құрамынан бөлініп, өз алдына министрлік болады.

MINISTR

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады.

Министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын жүзеге асыру, атап айтқанда, төтенше жағдай комитетін Ішкі істер министрлігінің құрамынан бөлу жұмыстары жайында баяндады.

Е.Тұрғымбаевтың айтуынша, бүгінде арнайы комиссия құрылып, алдағы уақытта Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құрамында қызмет ететін 25 мыңға жуық адамның тізімі нақтыланып, қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар бөлініп жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы бір айдың ішінде аяқталады.

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале