3.09.2020, 10:58
Оқылды: 250

Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамына төрт комитет кіруі мүмкін

Қайта құрылатын Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамына төрт комитет кіруі мүмкін. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған ҚР Үкіметі қаулысының жобасында көрсетілген.

Chs

   Министрлік құрылған соң, Ішкі істер министрлігіне қарасты Төтенше жағдайлар комитеті таратылады.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы порталда жария талқылауға 17 қыркүйекке шейін шығарылды.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері жөніндегі комитеті құрылсын. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті атауына өзгертілсін. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриалдық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырсын. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылсын», делінген жобада.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауы керек. Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін құруды ұсынды. Ал, Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруға қатысты тиісті комиссия жұмысын бастайтынын айтты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале