29.08.2017, 16:18
Оқылды: 28

Төтеншеліктер 22 оқушыға қаржылай көмектесті

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Мектеп жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына белсенді қатысты.


Департамент және оған бағынысты мемлекеттік мекемелері аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсетті.

Департамент басшылығының төрағалығымен өткен жалпы жиналыстарында әр балаға спорттық киім жиынтығы сатып алу шешілді. Акция шеңберінде 22 оқушыға жалпы соммасы 425000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Балаларға спорттық киім-кешек пен аяқ киім, футболка және киім салатын сөмке алынды. Сонымен қоса БҚО ТЖД Жаңақала ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері де салысты. Жиналған қаржы арқылы бөлім қызметкерлері Жаңақала орта жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысына спорттық киім сатып алып табыс етті. Балалардың ата-аналары мен өкілдері көрсетілген көмекке ризашылықтарын білдірді.

А. Айбулатова

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале