29.07.2020, 14:43
Оқылды: 571

«Туған жерге саяхат» атты ашық интернет байқауы жарияланды

Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы Еріктілер жылы аясында 2020 жылдың 15 шілде – 14 тамыз аралығында қашықтықтан облыстық «Туған жерге саяхат» ашық интернет байқауын өткізуде.

C4F5C098-8297-45BE-A38B-D1DFE8A1F5A4

     Байқау жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеу, өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасын тануға қызығушылығын арттыру және Батыс Қазақстан облысы тарихы туралы экскурсия дайындау мақсаттарын көздейді.

Байқауға облысымыздың барлық аудандары мен Орал қаласының мектеп оқушылары қатысуда.

7B9D5429-0CB2-4894-866C-777B3B1F8C67

  - Қатысушылар өз туған өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштері және көрікті жерлері туралы кәсіби бейнеролик ұсынуы шарт.    

Байқауға 3-4 минуттан аспайтын бейнероликтер қабылданады. Кәсіби түсірілім болғаны жөн.

Бейнероликте тарихи мәліметтің дәлдігі, бейнероликтің техникалық сапасының болуы, бейнеролик мазмұны және идеясының ерекшелігі, уақытқа сыйымдылығы, бейнеқатардың сапасы, монтаждау қиындығы, дыбыстық сапасы ескеріледі.

Қазіргі таңда облыс бойынша туризм орталықтарынан қатысуға сұраныстар түсіп, материалдары қабылдануда.

«Туған жерге саяхат» байқауы (https://m.vk.com/zko_tur) сілтемесіне 3-4 минуттық видео салып, белгілі мерзімде дауыс беру (лүпіл басу) арқылы бағаланады. Ең көп ұпай санымен орындар белгіленеді. Байқау қорытындысы бойынша үш жүлделі орын анықталады.

   Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының диплом, грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқаудың қорытындысы бойынша облыстық «Туған өлкем – Ақжайық» виртуалды-өлкетану энциклопедиясы материалдармен толықтырылады және әлеуметтік желілерде жарияланады, - дейді Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Райгүл Алмұханова.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале