19.11.2018, 12:02
Оқылды: 69

ТҮКШ саласын цифрландыруды ширатуды тапсырды

Облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев пен ҚР ИДМ-нің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ТҮКШ саласын цифрландыру, тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша мәжіліс өткізді.

 tarify-Өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы қарқынды жүріп жатыр. Батыс Қазақстан облысы алдыңғы қатарда деп айтуға болады. «Нұрлы жол», «7-20-25» мемлекеттік  бағдарламалары бойынша жетістіктер бар. Елбасы тапсырмасы бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын цифрландыру, «7-20-25» бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарына қарқын беруіміз керек, - деді Мархабат Жайымбетов.

Оның айтуынша, Таразда электр желілері саласын цифрландыру жұмыстары жақсы жолға қойылып, 59 мың тұрғын электронды жүйені пайдалануда.  Ал Шымкентте сумен қамтамасыз ету саласында цифрландыру қарқынды.  «Әсіресе, есептеу құралдарын қоюдың тиімділігі жоғары. Кеше 6 мың теңге төлеген адам бүгінде 3 мың теңге төлейді. Отбасы бюджетін үнемдеу деген – осы. Мұның пайдалы жақтарын тұрғындарға түсіндіргеніміз жөн. БҚО-да да осындай тиімділікке қол жеткізуіміз керек», - деді Мархабат Жайымбетов. Төрағаның айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы бойынша БҚО рейтингтің орта шенінде келеді. Соған орай бұл бағыттағы жұмыстарды ширатуды тапсырды.

Басқосуда «Е-Шаңырақ» электронды жүйесін құру бойынша жасақталған жоба таныстырылды. Аталмыш жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының, жеке түрғын үй кооперативтері жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз етуге,ТҮКШ саласының барлық субъектілерінің өзара байланысын нығайтуға жол ашады. Сондай-ақ бірыңғай есеп айырысу орталығын құру арқылы ақпараттар алмасуға, еңбек шығынын азайтуға коммуналдық төлемдердің жиналуын арттыруға мүмкіндік туады. Жоба шеңберінде тұрғындар үйден шықпай-ақ, интернет арқылы аударымдар мен төлемдердің түсуін, тұрғын үй кооперативтерінің кірістері мен шығыстарының дұрыстығын тексеріп отырады, қажет болған жағдайда коммуналдық шаруашылығы саласындағы олқылықтар жөнінде арыз-шағымдарын қалдыра алады. Аталмыш электрондық жүйеге БҚО қараша айы ішінде қосылып, ақпараттарды кіріктіру қажеттігі айтылды.

Жиында қаладағы инженерлік желілер мен коммуникацияларды цифрландыру жайы қозғалды. Облыс инженерлік желілерді цифрландыру бойынша республика бойынша 14-орында. Басқосуда мәлім болғанындай, ақпарат беру мүмкіндігі бар 971 жалпы үйлік жылу есептегіш құралдың 687-сі орнатылған. Мысалға, Оралдағы Жуков көшесі №15 үйдегі 42 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерге жылу үшін бұрын айына 5944 теңге төленсе, енді есептеу құралын орнатқаннан кейін төлем шамасы 4143 теңгені құрап, 30 пайызға төмендеген. М.Жайымбетов облыс басшылығына тұрғындар арасында «ақылды» есептеу құралдарын орнатудың тиімділігін түсіндіруді тапсырды.

Бұдан кейін төраға «Батыс су арнасы», «Жайықжылуқуат», «Батыс Қазақстан электр желеілерін тарату компаниясы» кәсіпорындарындаж әне бірқатар құрылыс нысандарында болды. Алдымен коммуналдық кәсіпорындардағы ақпаратты қашықтықтан беретін есептеу құралдарын енгізу жұмыстары барысымен танысты. «Батыс су арнасы» ЖШС-ның директорының бірінші орынбасары Салауат Айбатовтың айтуынша, аталмыш жобаны жүзеге асыруға «Взлет Казахстана», «Вавиот Азия» ЖШС-лар қатысуда. Есептеу құралдарын жеткізушілер қала аумағына есептеу құралдарының көрсеткіштерін жеткізетін 12 радиоқабылдағыш орнатқан. Қазіргі уақытта қалада «ақылды» 4650 есептеу құралы орнатылған, оның 598-і заңды тұлғаларда, 4052-сінен астамы жеке тұлғаларда. Жаңа құралдардың орнатылып, іске қсоылуының арқасында тескерушілер үйлерді «жағалап», есептеу құралдарының көрсеткіштерін жинамайды. С.Айбатов қонақтарға кез келген күнгі есептеу құралының көрсеткішін электронды түрде қалай көруге болатынын нақты мысалмен көрсетті.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале