27.12.2018, 16:21
Оқылды: 39

Тұңғыш төрайымға ескерткіш тақта орнатылды

Бүгін Оралда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері  Мағруфа Батықова тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға танымал тұлғаның ағайын-туыстары, қайраткермен қызметтес болған аға буын және зиялы қауым өкілдері қатысты.

 DSC_0354Мағруфа Хайрошқызы 1928 жылы Жәнібек ауданында дүниеге келген. 1951 жылы Орал педагогикалық институтын бітіріп, алғашқы еңбек жолын Фурманов орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Кейін Қаратөбе, Жымпиты аудандық атқару комитеттерінің төрайымы болып еңбек етті. Ол - Ақ Жайық өңіріндегі әйелдер арасынан шыққан тұңғыш аудандық атқару комитетінің төрайымы. 1963-1967 жылдары Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты  және осы Кеңес төралқасының мүшесі, ұзақ жылдар бойы халық депутаттары Орал облыстық кеңесі төрайымының орынбасары қызметін атқарды. Қиын да, жауапты қызметтерді атқарған жылдарында Мағруфа Хайрошқызы ұзақ жылғы адал еңбегі үшін үш мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, көптеген медаль, алғысхаттармен марапатталған.

Ескерткіш тақтаны ашу құрметі Ұлы Отан соғысының ардагері, Орал қаласының құрметті азаматы Хамза Сафинге және еңбек ардагері, қаланың құрметті азаматы Жайсаң Ақбайға берілді.

-Мағруфа Хайрошқызы бүгінде тірі болса, 90 жасқа толар еді. Тоқсан жасқа толатын жылы өмірден өтті. Артында өшпес із қалдырды. Қай салада, қай қызметте де оның істеген жұмыстары нәтижелі болатын. Өзі табиғатынан қаһарман, ақты ақ, қараны қара дейтін. Ол кезде тұрмыстың ауырлығына қарамай, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жұмыс істеу керек болды. Мағруфа Хайрошқызына қандай мәселемен барсаң да, барлығына нақты жауап беретін. Ол кісі қазақ қыздарынан шыққан ерекше тұлға еді, - деді еңбек ардагері Жайсаң Ақбай.

Шара барысында қайраткермен бірге жұмыс істеген ардагерлер оның қажырлылығын, адалдығын, оның басшылығымен облыста атқарылған қыруар шаруаларды айтып, еске алды.

DSC_0341 DSC_0348

Гүлбаршын Әжігереева,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале