7.07.2020, 11:58
Оқылды: 79

Тұрғындар соңғы тәуліктерде 100 мың парацетамол қорабын сатып алған

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ел тұрғындарының бір тәулікте 100 мың парацетамол қорабын сатып алғандығын айтты.

BCEEE7AD-00CC-4372-993A-905D39B29043

«Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру аясында тегін дәрі-дәрмек препараттарының тізбесі бар. Оған жедел вирустық респераторлық аурулар және ауруханадан тыс пневмониялар кіреді. Оның тізіміне антибиотиктар мен қызуды төмендететін дәрілер кіреді. Оларды емханаларға құрылған мобильді топтармен тегін жетізу қарастырылған, - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Е.Тоғжановтың айтуына қарағанда, елімізде бүгінгі таңда дәріханаларда дәрі-дәрмектің тапшылығы сезіледі. Әрине, оған кейбір азаматтар дәрі-дәрмекті жаппай сатып алуы. Кейбір тұрғындар парацетамолдың 10 қорабын сатып алып жатыр. Мәселен, мамыр айында Алматыда 50 мың парацетамол қорабын сатып алса, қазір бір тәулікте 100 мың парацетамол қорабын сатып алған. Мысалы, жылына 100 мың градусник сатылса, осы көлем бір аптаның ішінде сатылып кеткен, - деді Е.Тоғжанов.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале