30.03.2017, 13:08
Оқылды: 15

«Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату керек»


Бұл мәселе Қазақстан инновациялық  және телекоммуникациялық жүйелер университетінің  үлкен залында  облыстық экология департаментінің ұйымдастыруымен «ҚР аймақтарында өндірістік  және тұтыну қалдықтарын пайдалану мәселелері бойынша» семинар-кеңесінде жан-жақты сөз болды.

Шараға облыстық экология департаментінің басшысы Е. Қуанов, қалдықтарды басқару департаменті өндірістік қалдықтарды басқару басқармашысының сарапшысы Б. Досмакова, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А. Дәулетжанов қатысты. Басқосуда тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, кәдеге жарату, қайта өңдеу мәселелері сөз болды.

Шаһарымызда пластик құтыларды жинауға 150 контейнер және сынапқұрамды шамдарды жинау үшін 2 арнайы контейнер орнатылған. Сондай-ақ қаладағы бірқатар кәсіпорындар қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеумен айналысады. Айта кетсек, «Губер» ЖК автокөліктердің ескі дөңгелектерін қабылдайды. Өңдеу нәтижесінде резина қиыршықтарын алып, одан резина жабындар жасайды. «Талап» АҚ сынапқұрамды шамдар мен құралдарды кәдеге жаратады. Ал «Куксова» ЖК, «Борисова» ЖК, «Глухова» ЖК картон және өзге де қағаз қалдықтарын, «Гамма Реал» ЖШС пластик құтыларын  кәдеге асыруда.

Басқосуда қалдықтарды өңдегенде не пайдаланғанда қоршаған ортаның ластануын қорғау қажеттігі  сөз болды.

                                                                             Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале