6.02.2017, 14:46
Оқылды: 81

ҰБТ-2017: Жаңа форматы түсіндірілді

ҰБТ – ЕНТ 2017

  Биылғы жылы ҰБТ-ның жаңа форматының басты ерекшелігі - Қорытынды аттестация және ҰБТ болып екіге бөлінуінде. Қорытынды атестация мектеп бітірушілердің бәріне бірдей міндетті болса, ал ұлттық бірыңғай тестілеу оқу орнына түсушілерге арналған. Осыған орай,  Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да облыс педагогтарына түсінідірме жұмыстары жүргізілді.


  Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Тұрақты Ынтымақовтың  айтуынша, бұрын оқушы 100 сұрақтан 50 балл алу керек болса, биыл 140 баллдан 50 балл жинау керек. Бұл мектеп түлектері үшін - үлкен жеңілдік. Мектеп бітіру емтихандарының бәрі түлектердің өз мектептерінде өтеді. Қорытынды атестаттаудың материалдарын ҚР Білім және ғылым министрлігі жасап, оны Ұлттық тестілеу орталығы облыстық білім басқармаларына жеткізеді.

  Қорытынды аттестация бес пәннен тұрады: 4-еуі - міндетті, 1-еуі - таңдау пәні.  Ал ұлттық бірыңғай тестілеу бес пәннен, яғни 3 міндетті пән және таңдаған мамандығына байланысты 2 бейіндік пәннен тұрады.

 "Алтын белгі" иелері, ғылыми жобалардың, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары  ұлттық бірыңғай тестілеуді жалпыға ортақ тәртіпте тапсырады. Олардың бұл артықшылықтары тек қатардағы талапкермен баллдары бірдей болғанда ғана ескеріледі.

  Жиын барысында өңіріміздегі білім беру мекемелерінің мұғалімдері және биылғы мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары  ұлттық тестілеу орталығының өкілдеріне сауалдарын жолдап, ҰБТ-ның жаңа форматы туралы көйкейтесті ой-пікірлерін ортаға салды.

Гүлжамал Жолдығали

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале