7.03.2017, 10:59
Оқылды: 19

Үй тонаушылар ұсталды

Орал қаласында 3 наурызда сағат кешкі 20:00-21:00-ге дейінгі аралықта белгісіз біреулер Қарашығанақ көшесінде орналасқан үйлердің бірін тонап кеткен. 1977 жылғы тұрғынға тиесілі 250 мың теңге ақша, алтын бұйымдарды қолды еткен ұрылар бұнымен тоқтамайды.


Бұдан кейін ұрылар «Ескі әуежай» ауданы аумағындағы бір үйді тонамақшы болған. Абырой болғанда үй иесі тап сол мезетте ұрылардың үстінен түседі. Оқиға орнына дереу полиция қызметі шақырылып, 1990 және 1999 жылғы ағайынды екі жігітті қолға түсіреді. Ұсталған азаматтарды тергеп-тексеру кезінде олардың бұдан да басқа қылмыстарға қатысы бары анықталды. Ұрланған заттар жартылай тәркіленді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.Ұсталғандар Орал қ. ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале