14.04.2020, 16:31
Оқылды: 1424

Үйден шықпай-ақ Халық банктен шот ашу: оңайдың оңайы

Безымянный

Банкте ұзын-сонар кезекте  тұру бұрынғының еншісінде қалды.  Бүгінгі күні кез келген қазақстандық банкке келмей-ақ Halyk Bank клиенті бола алады. Қашықтан смартфон арқылы үйде отырып-ақ банк шотын ашуға болады.
Бұл жаңа мүмкіндіктің арқасында картаны үйге жеткізу қызметі арқылы алуға, сонымен қатар 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді де алуға болады.

Жаңа қызметпен қатар клиент­ке онлайн сервистердің ау­қымды түрі ұсынылады, ком­муналдық, ұялы байланыс үшін төлемдер және Homebank ұсынатын көптеген қыз­меттер қолжетімді, әрі комиссиясыз, ең бастысы әр төлем үшін жоғарылатылған бонус есептеледі.

– Коронавирустық инфекцияның пан­демиясы банк секторына қатты әсерін тигізді. Нарық нақты басымдықтарды бел­гіледі. Сондықтан бізде де қазақстан­дық­тардың қауіпсіздігі мен жайлылығын бі­рінші орынға қойып, банктің қашық­тан басқару онлайн сервистерінің белсенді даумына жіті мән бердік. Сол себепті, қазақстандықтарға үйден шықпай-ақ банк қызметтерін онлайн қолдануды ұсын­дық, – деді өз сөзінде Halyk Bank бас­қармасының төрайымы Үміт Шаях­ме­това.  

Енді сіз Halyk Bank клиенті болмаса­ңыз да, картаны бөлімшеге бармай-ақ он­­лайн аша аласыз. Ол үшін бар болғаны Homebank қосымшасын жүктеп алып, бейне растаудан өтіп, Halyk Bank-тің бар­лық өнімдері мен сервистеріне қол жет­кізуге болады. Енді әр қазақстандық банк­ке келмей-ақ Homebank қосымшасы ар­қылы банк клиент бола алады.

– Жәрдемақы алу үшін маған шот пен карта ашу қажет болды. Алайда қазіргі шектеулермен сыртқа шығуға да қорқа­сын... Оның үсітне кезекте тұрудың өзі де қауіпсіз емес, Сондықтан Halyk Bank-тен шотты қашықтан ашуға болатыны жайлы естіген кезде көрейінші деп бел будым. Шындығын айтқанда, көңілім толды. Бұл өте ыңғайлы екен. Бар болғаны Homebank қосымшасын жүктеп алдым, бейне растаудан өтіп, шоттың нөмірін алып, 42500.enbek сайтында өтінім бе­ріп, төлемді күтіп отырғаны жайым бар. Маған банк бөлімшесіне барудың да қа­жеті болмай қалды, – дейді Halyk Bank клиенті Ляйля Мұсаипова.

Homebank-те бір рет шот пен картаны ашсаңыз сізге банк бөлімшесіне бармай-ақ, көптеген банк өнімдері мен сервис­тері қолжетімді болады. Барлығы 4000-нан астам онлайн сервистер: комиссиясыз әрі бонустар есептелетін төлемдер, кез келген карта мен шоттарға аударым­дар, өз қаражаттарыңызды тәулік бойы бақылау және картаға бір мезетте бері­летін онлайн кредит және т.б.

Өзіңізге және өз денсаулығыңызға сақ болыңыз. Онлайн тәртібінде Halyk Bank клиенті болу мүмкіндігін пайдаланыңыз және банк қызметтерін, шот немесе кар­та ашу, кредиттер мен төлемдерді алу, Homebank қосымшасы арқылы қызмет­терді комиссиясыз өтей отырып, жоға­ры­латылған бонустарды бөлімшеге бармай-ақ үйден алып отырыңыз.

Эрик САГИР

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале