29.11.2018, 0:39
Оқылды: 32

Үкімет басшысының орынбасары Оралда

Өңірімізге іссапармен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев бірқатар мекеме-кәсіпорындарда болып, «Цифрлық Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысымен танысты.

IMG_4945

Орал қаласындағы жоғары аграрлық-техникалықколледжінде болған Асқар Қуанышұлы мен облыс әкімі Алтай Көлгінов аталмыш оқу орнындағы BIM технологияларды енгізу жобасымен танысты.

Айта кетейік, BIM технологиясы – бұл жобалау-салу-пайдаланудың заманауи тәсілі. Бұл жоба облыс әкімі А.Көлгіновтің биылғы көктемде жұмыс сапарымен Финляндияның Хельсинки қаласына барған кезіндегі Финдік Бизнес Хаб және «Collaprime Oy» компаниясы арасындағы үш жақты келісім нәтижесінде жүзеге асуда.

- Бұл жоба Финляндияның «Collaprime Oy» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Техникалық кәсіптік білім саласына 3Д жобасын енгізу республика деңгейінде бірінші рет біздің колледжде қолданылуда. Аталған компаниямен арадағы келісімшарт бойынша колледждің 12 мұғалімі аталған жоба бойынша оқып үйренді. Алдымен «Collaprime Oy» компаниясының өкілдері біздің өңірге келіп, дәріс берсе, кейін оқыту онлайн режімінде жүргізілді. Сондай-ақ қараша айының басында колледждің алты ұстазы сол елге барып, компанияның білікті мамандарынан іс-тәжірибеден өтіп келді. Біздің оқу орнына жоғары аграрлық-техникалық колледжі мәртебесі берілгендіктен, келер оқу жылынан бастап студенттерді құрылыс мамандығына осы тың жобамен оқытатын боламыз. Сондай-ақ мұнай-газ саласының мамандарын да 3Д жобасымен оқыту көзделуде. Аталған заманауи құрылғыны сатып алуға және ұстаздарды оқытуға 133 миллион теңге қаражат жұмсалды, - деді колледж директоры Серік Мұхамбетәлиев.

Сондай-ақ ҚР Премьер-министрінің орынбасары Орал қалалық әкімдігіндегі «Ашық әкімдіктің» және облыс орталығындағы №3 емхана секілді бірнеше мекемелердегі цифрландыру іс-шараларының барысымен танысты.

Тың жобалардың зор мүмкіндіктерімен танысқан Асқар Жұмағалиев өңірде қолға алынған игі істі әрі қарай дамытып, жүзеге асыра беру керектігін айтты.

IMG_5831

IMG_5470

IMG_5916

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале