22.08.2017, 12:13
Оқылды: 77

Елбасының Бурабайда айтқан тапсырмаларына қатысты БҚО-да жиын өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бурабайда өткен Үкімет отырысында көтерілген мәселелерге қатысты облыс әкімі Алтай Көлгінов жиын өткізді, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс басқармалары, Орал қаласының басшылығы және селекторлық режимде аудан әкімдері қатысқан жиында өңір басшысы азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау, білім беру басқармаларына қатысты мемлекеттік – жекеменшік серіктестікті дамытуға күш салу қажеттігін атап өтті. Тиісті басқармаларға өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажеттігін, мемлекеттік «Нұрлы Жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларының жүзеге асырылу барысын ерекше қадағаланатынын жеткізді.

Бұдан кейін облыс әкімі А. Көлгінов: «Березовка мен Бестау ауылдарының тұрғындарын көшіру жұмыстары Елбасының бақылауында тұр. Қазірдің өзінде 29 отбасыға үйдің кілттері табысталып, 16 отбасы қоныстанды. Бұл мәселені аудан әкімдігі мен құрылыс басқармасы тұрғындарды қоныстандыруды тиянақты аяқтау қажет», – деді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеп, бұл жұмыстарға жастарды көптеп жұмылдыру керектігі айтылды. Сондай-ақ, «Туған жерге тағзым етіп, еңбегі сіңген азаматтарды ұмытпауымыз керек, - деді өңір басшысы.

Жиын барысында ауыл шарушалығы басқармасының басшысына орақ науқанын шығынсыз аяқтап, Мемлекет басшысының ауылшаруашылық кооперативтерін құру туралы тапсырмасын тиісті деңгейде орындау керектігін айтты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале