5.03.2019, 22:14
Оқылды: 30

Үкімет сындарлы диалог орнатуға дайын: Г.Әбдіқалықова өңірлерге жоспарланған сапарлар туралы мәлімдеді  

ҚР Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтып берді.

20190305_220641

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова ҚР Президенті Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңді бастап бергенін атап өтті.

«Алдағы 10 жыл – еліміздің озық 30 мемлекеттің қатарына ұмтылуындағы шешуші кезең болмақ, онымен қатар біз адам капиталы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуіміз қажет, сондай-ақ үш ірі блокқа бөліп қарастыруға болатын жаңа әлеуметтік бастамалар жарияланды, олар: табысты арттыру және халықтың аз қамтылған бөліктерін қолдау, табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу және білім беру, денсаулық сақтау сапасын жақсарту және өңірлерді кешенді дамыту. Алдағы таяу үш жылда осы мақсаттарға бюджеттен қосымша 2,3 трлн тг қаржы бөлінетін болады», — деді Г. Әбдіқалықова.

Г. Әбдіқалықованың айтуынша, дәл қазіргі сәтте ең басты бастымдық — түсіндіру сипатындағы мәселелер болып отыр. Үкімет бұл тұрғыдан сындарлы диалог жүргізуге әзір.

Халық тарапынан түсетін мәселелердің жиілеп кетуіне байланысты, келесі аптадан бастап өңірлерге жұмыс сапарлары ұйымдастырылады, онда түсіндіру сипатындағы іс-шаралар өткізіледі. Жекелеген санаттары бойынша азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, барлық алға қойылған міндеттерді тиімді іске асыру мақсатында, ең алдымен, Үкімет ауқымды түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

Бұл жұмыстар мемлекеттік органдардың халыққа барынша қолжетімділігіне бағытталған жаңа форматтарды енгізу негізінде жүзеге асырылады. Ол үшін барлық заманауи коммуникация құралдары қолданылмақ.

 

«Осы мақсатпен қажетті топты өзім бастап, біз өңірлерге сапарға шығамыз. Барлық аудандар мен кейбір ауылдарға сапармен баруды көздейтін егжей-тегжейлі Медиа-картаны да әзірлеп қойдық. Мемлекеттік органдардың өкілдері халықпен дәстүрлі түрде әкімдіктерде кездесіп қана қоймай, адамдардың тұрғылықты жерлері бойынша жиналып, азаматтар жеке қабылданатын болады. Сондай-ақ, біз халыққа қызмет көрсету орталықтары мен жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарын тексереміз», — деді Г. Әбдіқалықова.

Премьер-Министрдің орынбасары, ең алдымен, халықты жұмыспен қамту, түрлі деңгейдегі несиелер беру, үйде жұмыс істеуге жағдай жасау (қашықтан) мәселелері қаралатынын атап өтті.

primeminister.kz сайтынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале