18.06.2019, 16:54
Оқылды: 194

Үкіметтік емес ұйымдар арасында байқау жарияланды

Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты жергілікті қоғамдастық мәселелерін шешуге арналған әлеуметтік-инновациялық жобалар мен идеялар жәрмеңкесі тақырыбына арналды.

1

Оған «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры Айболат Құрымбаев қатысты.

Айболат Шамұратұлының айтуынша, байқауға үкіметтік емес ұйымдар өз жобаларын ұсына алады. Құжаттар 1-30 маусым аралығында қабылданады.

- Байқауға білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу, азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау,отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, мәдениет пен өнерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны қорғау, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту тақырыптарындағы жобалар қабылданады.

Жобаларға 2 млн. 500 мың теңге бөлінді. Өтінімдерді «Байқау - жергілікті қоғамдастықтың проблемаларын шешу 2019» белгісімен [email protected] электронды поштасына жіберу қажет, - деді Айболат Құрымбаев.

Есенжол Елекенов,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале