10.07.2020, 10:37
Оқылды: 66

Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Бүгін сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыс видео байланыс арқылы жүзеге аспақ, - деп жазады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасындағы жазбада.

200710101037169e

«Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.

Президенттің баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды», - делінген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале