1.11.2019, 10:47
Оқылды: 831

Үлкен Шаған – Переметное бағытындағы жол пайдалануға берілді

Бүгін БҚО-да өңірдегі маңызды жолдың бірі Үлкен Шаған-Переметное автожолының күрделі жөндеуі аяқталып, пайдалануға берілді.

akim jol baiterek (1)

Халықтың қуанышына облыс әкімі Ғали Есқалиев ортақтасты.

-Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы іске асуда. Бағдарлама арқасында жолдағы инфрақұрылым жақсарып, республикалық автомобиль жолдары жөнделуде. Жолдың басты маңыздылығы – транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану. Жаңа транзиттік жүк машиналары да жылдан жылға көбеюде. Жол бойында инфрақұрылымды дамыту да шағын бизнестің дамуына серпін береді.

Тұңғыш Президент «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдаудың бірінші бағытында көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту мәселесін көрсетті.

akim jol baiterek (2)

Сапалы жол елдің аумақтық байланысын қамтамасыз етеді. Туризмді дамытуға, кәсіпкерліктің өсуіне жағдай жасайды. Жүк ағынының негізгі бөлігі автомобиль жолдарына түседі, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Облыстық маңызға ие жолды жөндеу жұмысы екі жыл бұрын басталған еді. Құрылысына жауапты мердігер «ТүркістанЖолСервис» ЖШС 32 шақырым жолды сапалы жөндеп шықты. Жұмысты жүзеге асыруға «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 млрд. 340 млн. теңге жұмсалған.

akim jol baiterek (3)

Бұл жол Орал-Атырау және Орал-Каменка-Ресей Федерациясынан Атырау және еліміздің басқа қалалары бағытына өтетін транзиттік көліктің жүк тасымалдау жолын ондаған шақырымға қысқартады.

Айта кетейік, биыл өңірде 364 шақырым жолды жөндеуге 27,3 млрд. теңге бөлінген. Оның 169,8 шақырымы республикалық маңызы бар жол.

akim jol baiterek (4)

Дәл осындай маңызды Шыңғырлау-Лубенка-Лебедевка, Федоровка-Ақсай автомобиль жолдарының телімдерінде жөндеу жұмыстары аяқтала келді. Бөрлі-Ақсай-Жымпиты, Тасқала-Аққурай-РФ шекарасы, Чапаево-Жаңақала-Сайқын автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале