9.05.2017, 17:36
Оқылды: 130

Ұлы Жеңіс күні қастерлі (ФОТО)

mai 01    Орал қаласында 9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтті.

   Жеңіс күнгі шара алдымен өңір жұртшылығының бауырластар зиратына, кеңес Одағының Батыры Темір Масиннің, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Маметованың, Кеңес Одағының маршалы Георгий Жуковтың ескерткіштеріне және «Ол күндер мәңгі өшпейді» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.


  Жеңіс алаңында өткен мерекелік жиынға соғыс және тыл ардагерлері, қала тұрғындары көп жиналды. Жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды үнсіздікпен еске алды және мәңгілік алау басына гүлдестелер мен гүл шоқтарын қойды. Мерекеге қатысушыларды өңір басшысы Алтай Көлгінов құттықтады. Облыс басшысы сұм соғыстан аман-есен келіп, халық шаруашылығын қалпына келтіруге атсалысқан аға ұрпаққа батырлықтары мен ерліктері үшін алғыс айтып, зор денсаулық тіледі.

mai 02   Облыстық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Сәтбаев өзі басқаратын компания ұжымымен бірге қалалық соғыс ардагерлерін құттықтап, олардың әрқайсысына 20 мың теңгеден ақшалай сыйлық берді.

 Жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды үнсіздікпен еске алды және мәңгілік алау басына гүлдестелер мен гүл шоқтарын қойды.

   Бұдан әрі мерекелік шара Орал қалалық мәдениет және дамалыс саябағында жалғасты. Қала әкімі Нариман Төреғалиев Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қала тұрғындарын қастерлі мерекемен құттықтады. "Сіздердің арқаларыңызда бейбіт өмір кешудеміз. Мемлекетіміз ардагерлер ештеңеден тарықпай өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасап отыр. Барлық ардагерлерге денсаулық, ұзақ өмір тілейміз. Барлығыңызға ашық аспан, жақсылық тілеймін", - деді қала басшысы.

mai 03

   Саябаққа мыңдаған қала тұрғыны Ұлы Жеңіс күнін тойлауға келді. Келушілерге "Солдат ботқасы" атты мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Онда көркемөнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Сонымен қатар ардагерлер мен қала тұрғындары солдат ботқасынан дәм татты.

   Ұлы жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік шара Абай алаңында өтетін концерттік бағдарламамен және отшашулармен аяқталмақ.

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ

"Орал өңірі"

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале