22.02.2017, 13:55
Оқылды: 61

«Университет қабырғасында алған білімдеріңіз әрдайым керек болады»

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары  Серік Егізбаев Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университеттің профессор-оқытушылар құрамымен, студенттермен кездесуінде осылай деді. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов қатысты.


Жиында С. Егізбаев Жолдаудың басты басымдықтарына тоқталып өтті. Болашақ ауыл шарушылығы мамандарына маңызды құжаттағы ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту, жерді тиімді пайдалану, субсидия бөлу, кооперативтер құру мәселелері жайын баяндап, алдағы міндеттерге шолу жасады.

Залдағылар вице-министрге өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

 

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале