14.03.2018, 17:47
Оқылды: 59

Университет командасы 12 медаль жеңіп алды

IMG-20180314-WA0007Бүгін Орал қаласына 2-11 наурыз аралығында Павлодарда өткен VII қысқы Универсиадаға қатысқан Жәңгір хан атындағыБҚАТУ-дың спортшылар командасы келді.

Спорт делегациясының құрамына Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың дене тәрбиесі кафедрасының доценті, бапкер Николай Коломоец жетекшілік етті. 25 адамнан құралған делегация құрамында - армрестлинг бойынша 7 қыз бен 11 жігіт және 7 гір көтеруші.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттер арасындағы VІІ қысқы Универсиадаға еліміздің 36 жоғары оқу орындарынан 2000-ға тарта студент  қатысты. Бұл Универсиада тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Мамандардың айтуынша, жарысқа қатысушы студенттердің санының артуы жастар арасындағы салауатты өмір салтының кеңінен танылуына байланысты.

Жетінші ұлттық универсиаданың бағдарламасына спорттың 9 түрі кірді. Олар: шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс, футзал, армрестлинг, гір спорты, пауэрлифтинг, баскетбол, қазақ күресі, спорттық бағдарлау.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ спортың екі түрі бойынша қатысқандықтан, жалпыкомандалық есепте көшбасшылар қатарына енбесе де, жеке сында студенттер жақсы көрсеткіш көрсетіп, 12 медальды еншіледі, оның 2-еуі – алтын.

Сонымен, VII қысқы Универсиаданың армрестлинг бойынша өздерінің салмақ категориялары бойынша жеңімпаз атанғандар: ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің 3-курс студенті Толғанай Бекмырзаева және политехникалық факультетінің 2-курс студенті Арман Қазбеков.

Күміс жүлденің иегерлері: Дастан Измуратов (гір спорты) және Қасен Шамуратов (армрестлинг).

Ал қола жүлдені қанжығаларына байлағандар: Зекет Мақсатов, Қайырбол Темірбай, Едіге Сансызбай, Бақберген Атагазиев, Карина Кутова, Лаура Ермекбай, Арсен Дәулеткерей, Мейірбек Төлегенов.

Сондай-ақ VII қысқы Универсиаданың жеке медалі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ спорт делегациясының жетекшісі және бапкері Николай Коломоецке берілді.

- Ойынның нәтижелеріне қуандық. Біз Универсиадаға қатысудың арқасында жаңа достар таптық, ұмытылмастай  әсерлер алдық. Барлығы да жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз,-дейді Николай Константинович

Айта кетейік, Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы ұлттық Универсиада 2 жылда бір рет өткізіледі – қыста және жазда. Аталмыш сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен халықаралық байқауларға қатысу үшін ұлттық жастар құрамасы құралады. Биыл VII қысқы Универсиаданың бірінші орынын, алтын медальді жарыс қожайындары Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жеңіп алды.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале