20.04.2017, 12:36
Оқылды: 45

Үш айда 112 заң бұзушылық анықталған

????????????????????????????????????

  Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалы алаңында өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментінің 2017 жылдың бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасының жүзеге асырылуы жайы сөз болды.

 


  Баспасөз мәслихатына қатысқан аталмыш департаменттің басшысы Болат Исақов атқарылған бір қатар істер мен алда тұрған міндеттерге тоқталып өтті.

  Департамен басшысының мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың үш айлық есебімен облыста 461 мемлекеттік орган тіркелген. Олардағы мемқызметшілердің штат саны 4444 құрайды. Соның ішінде саяси қызметшілер - 7, «А» корпусы лауазымы - 19, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілер саны – 4418 болып отыр.

  2016 жылы БҚО мемлекеттік органдарымен 364 бос әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымдарына конкурстар өткізілген. Бұл конкурстарға қатысқан 485 үміткердің  197-сі мемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндік  алған. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына 219 байқаушы және 212 сарапшы қатыстырылған.

  Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қолданылуына және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті сақтауына  мемлекеттік бақылау жүргізу шеңберінде 2017 жылдың бірінші тоқсанында Департамент 12 тексеріс жүргізген. Тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп заңнамасы саласындағы 112 заңбұзушылыққа жол берілгендігі анықталған.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале