11.06.2019, 13:27
Оқылды: 58

Үш департамент қосылып, жаңа атау алды

БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өзге екі департаментпен қосылып, қайта құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында айтылды.

ринат

Биылғы 10 сәуірдегі Үкіметтің тиісті қаулысымен Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен фармация комитетін осы министрлікке қарасты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қосып, қайта ұйымдастырғандықтан, қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен фармация комитетінің БҚО бойынша департаментін қосу жолымен Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (РММ) болып қайта құрылды. Департамент әділет басқармасында мемлекеттік қайта тіркеу рәсімінен өткен. Енді атауы жаңартылып, қайта құрылған департамент «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарайды.

       -  Департаментке халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында, халыққа өткізілетін өнімдер бойынша техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы стандарттар саласындағы өкілеттіктерден басқа облыс аумағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы  құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік саясатты іске асыру өкілеттігі берілді, - деді Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ринат Құбатаев.

 Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале