8-707-808-48-55
3.08.2018, 16:18
Оқылды: 398
«Вазар» және «Нортиван» дәрілері  нарықтан шығарылуда

imageЕлімізде құрамында валсартан әсер етуші заты бар дәрі-дәрмектер нарықтан шығарылуда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында  ҚР ДСМ Фармация комитетінің облыс бойынша департаменті бастығының орынбасары Шарбану Исқақованың, облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамту бөлімінің басшысы Руслан Айдарханов және «СҚ-Фармация» ЖШС-ның БҚО бойынша өкілі Талғат Әбдіғалиевтің қатысуымен өткен брифингте айтылды.


Шарбану Исқақованың айтуынша, дәрінің жарамсыз болуына құрамында  N-нитрозодиметиламиннің анықталуы себеп. Негізінен валсартан препараттары қан қысымы жоғары науқастарға арналған.

Спикер айтып өткендей, бүгінде құрамында валсартан белсенді фармацевтикалық субстанциясы бар «Гедеон Рихтер» ААҚ өндірген «Нортиван» дәрісі қолданыста жоқ. Енді «Вазар» дәрісі еліміздің дәрілік нарығынан шығарылуда.

- Балканфарма-Дупница АД өндіріп, «Ratiopharm Kazakhstan» ЖШС ұсынған 80 мг, 160 миллиграмдық  Вазар таблетка түріндегі дәрілер қолданыстан шығарылуда. Бұл препаратты «СҚ-Фармация» ЖШС-ы амбулаторлық қолдау үшін тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде сатып алған. Тұрғындар  бұл дәріні тегін медииналық көмек ретінде ұсынған дәріханаларға немесе өзге де медициналық ұйымдарға тапсырулары қажет. Кері тапсырылған дәрілердің сериялары өндірушілерге қайтарылатын болады. «Ratiopharm Kazakhstan» ЖШС-ның медициналық директоры Зайра Смаилованың айтуынша, «БалканФарма» өндірушісі өздерінің дәрі-дәрмегін қабылдаған науқастарды қадағалауды өз міндетіне алған. Егер де осы дәріні қабылдаған  науқастар қандай да бір жағымсыз әсер байқайтын болса, емдеуші дәрігеріне тексерілуі қажет. Сонымен қатар «Ratiopharm Kazakhstan» ЖШС-ның 8 (747) 3251615 телефонына хабарласуға болады. Науқастарға дәрігердің нұсқауымен «Вазар» дәрісінің орнына Вальсакор дәрісі ауыстырылуы мүмкін. Бүгінде еліміз бойынша науқастар тарапынан аталмыш дәріге қатысты шағымдар түскен жоқ, - деді өз сөзінде Шарбану Рамазанқызы.

Жалпы, облыс бойынша бұл препаратты үш мыңдай адам тегін пайдаланған.

Ясипа РАБАЕВА

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру