25.03.2016, 15:34
Оқылды: 23

VI шақырылымның алғашқы сессиясы

????????????????????????????????????

   24 наурыз күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VI шақырылымдағы алғашқы ұйымдастыру сессиясы өтті.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы бірінші ұйымдастыру сессиясын аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы Сатқан Өмірзақов ашып, жүргізіп отырды.


Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 20 наурызда өткен «Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттары мен жергілікті мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы туралы» аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сатқан Өмірзақов баяндады.    Дауыс беруге аудандағы сайлаушылардың 98,97 пайызы қатынасып, олардың 90,03 пайызы «Нұр Отан» партиясын жақтап дауыс берген. Аудандағы 12 сайлау округі бойынша сайланған депутаттарды атап өткен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сатқан Өмірзақов депутаттардың жұмысына сәттілік тіледі.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша барлық депутаттардың бірауыздан қолдауымен өткізіліп отырған сессияның төрағасы болып №10 Батпақкөл сайлау округінің депутаты Нұрлан Меңдешов сайланды.

Ұйымдастыру мәселелері бойынша алдымен аудандық мәслихат хатшысын сайлау депутаттарға ұсынылып, халық қалаулыларының қолдауымен №11 Шөптікөл сайлау округінің депутаты Қадыржан Сүйеуғалиев аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

Сессия отырысында аудандық мәслихаттың «Экономикалық және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия құрамы мен төрағасы» және «Әлеуметтік және саяси мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия құрамы мен төрағасы» сайланды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-2-бабының 4-тармағына сәйкес «Нұр Отан» партиясының аудандық депутаттық фракциясын мәслихат сессиясында тіркеуге ұсыныс жасап №5 Қаратөбе сайлау округінің депутаты Нұрлан Оразов сөйледі. Ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Сессияны қорытындылап сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров ауданымызда сайлаудың ұйымшылдықпен өткенін атап өтіп, жаңадан сайланған аудандық мәслихат депутаттарын құттықтады.

Алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып Елбасы саясатының дамуына, өңіріміздің гүлденуіне үлес қосуларына тілектестігін жеткізді.

Сессия соңында V шақырылымдағы депутаттарға аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

  www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале