27.11.2018, 11:33
Оқылды: 97

VIII азаматтық форумына БҚО-дан да делегаттар қатысуда (ФОТО)

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында VIII азаматтық форум басталды. Екі күндік алқалы жиынға еліміздің барлық өңірінен, соның ішінде Батыс Қазақстан облысынан да делегаттар қатысуда.

Жиынды ашқан Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметовтың айтуынша, форумға 600-ден астам делегат келді. Олар 100-ден астам кәсіби сарапшы, 25 шақты министрлік пен ведомства басшылары, Парламент депутаттары, қоғам белсенділерімен кездесіп, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасады.

форум (2)

-Бұл форум бұған дейінгі өткен осындай жиындардан аты да, заты бөлек. Ертең форумға Елбасының қатысуы да оның мәні мен маңызын айшықтай түседі. Біз осында еліміздің қазіргі жағдайы, қай бағытта келе жатыр, болашақтағы қадамдары турасындағы мәселелерді кеңінен талқылайтын боламыз. Азаматтық қоғамның және үкіметтік емес сектордың дамуы да сөз болады. Алдағы уақытта нормативтік-құқықтық құжатты қабылдар кезде осы жерде айтылған ҮЕҰ, азаматтық қоғам мүшелерінің пікірлерін ескеретін боламыз, - деді өз құттықтау сөзінде ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев.

Ашылу шарасынан соң форум «Мен сенемін» деген тақырыптағы азаматтық бастамалар конференциясымен жалғасты. Онда азаматтық белсенділер, журналистер, волонтерлар өздерінің жобалары, бастамалары туралы ойларымен бөлісті.

форум (3)

Түсқайта форум түрлі сала бойынша пленарлық секциялармен жалғаспақшы.

-Мұндай форумның мақсаты - мемлекеттік құрылым мен азаматтық қоғамның арасында терезесі тең диалог ұйымдастыру. Біз бүгін сондай диалогты анық көрудеміз. Көп кешікпей оны бәріміз де айқын сезінеміз деп ойлаймын. Мемлекеттік тарапынан көрсетілетін қызметтің біраз бөлігі алдағы уақытта «үшінші секторға» берілмекші. Бүгінгі жиын барасында азаматтық қоғам мұндай фунцияларды орындай алатынын дәлелдей алатынына сенім мол,-дейді БҚО азаматтық альянсының төрайымы Меруерт Санкаева.

форум (1)

Айта кетейік, Ақ Жайық өңірінен барған делегация құрамында мемлекеттік құрылым, ҮЕҰ, БАҚ, саяси партия, қоғамдық кеңес, жастар ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері бар.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

zhaikpress.kz

"Егемен Қазақстан" сайтынан алынған суреттердің авторы Ерлан Омар

форум (1) форум (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале