17.06.2016, 12:35
Оқылды: 21

«Volkswagen-Passat» отқа оранды  

????????????????????????????????????

16 маусымда сағат 9:30 шамасында Орал – Атырау жолының 269 шақырымында Ақжайық ауданының тұрғыны Е.Малғасбаев жүргізіп келе жатырған «Volkswagen-Passat» автокөлігінде өрт оқиғасы орын алды.


Бұл туралы Малғасбаев сол бойда ТЖ бөліміне хабарлады. Ол Тайпақ ауылындағы жану-жағармай бекетіне бара жатқан. Көліктің қозғалтқыш бөлігінен түтін шығып келе жатқанын байқайды. Қолында бар құралымен отты өшіруге әрекетінен ештеңе шықпайды. Оқиға орнында ТЖ бөлімі қызметкері тексеріс жүргізді. Тиісті шешім қабылдау үшін құжаттар аудандық ІІБ-ге жолданады.

www.zhaikpress.kz
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале