17.02.2016, 18:58
Оқылды: 72

Web-порталы арқылы жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы ақпарат ала аласыз

UVD Sait

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Web-порталында (http://mvd.gov.kz) жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары болып табылатын қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар туралы және олардың ақталғаны туралы ақпаратттарды алуға болатын әлеуметтік маңызы бар «Мемориал» сервисі ашылғанын хабарлаймыз. Бұл сервис арқылы Батыс Қазақстан облысы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы барлық аумағы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы ақпаратты ала аласыз.- деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметінен Асылай Ғұбашева.


         Біздің орындалмаған аса маңызды борышымыз – бұл жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы естелік. Бұл міндеттің орындалу күні әлі алыста!

         Бұл мәліметтер туыстарының тағдырлары туралы қандай да бір мәліметтер білмек болған еліміздегі және әлемнің түкпір-түкпіріндегі жүздеген мың адамдарға қажет. Ондаған жылдар бойы жасырынып, жұмбақ болып жатқан ақиқат осы мәліметтер ғалымдар мен тарихшыларға, өлкетанушылар мен журналистерге саяси террор туралы толық көлемде естелікті қалпына келтіру үшін ауадай қажет. Сонымен қатар, құрбандарды мәңгі есте сақтау үшін қажет.

         Біздің деректер базамызға 1930-1953 жылдар аралығында зардап шеккен адамдар туралы мәліметтер қосылған, бұл бірінші кезекте 1937 – 1938 жылдар аралығындағы террор құрбандары, сталиндік террорға қатысы бар құрбандар, бұл мемлекеттік қауіпсіздік органдарының (ІІҰК- ҰҚҰК) және сот үкімдерімен («үштік», «екілік» және т.б.) инстанцияларымен өлім жазасына, лагерлерге және түрмелерге немесе жер айдауларға әртүрлі мерзімдерге сотталған саяси айыпталған тұтқындалған адамдар.

         Аталған сервис арқылы туысқаныңыз туралы толық ақпарат ала аласыз. Мәліметіңіздің дұрыстығын тексеру үшін көрсетілген ішкі істер органының «Мемориал» сервисіне жүгінуге болады.

         Ішкі істер органдарының арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік қызметтер көрсетуі шеңберінде мұрағаттық анықтамалар, құжаттардың көшірмелерін, құжаттардан үзінділер береді.

         Бүгінгі күні БҚО ІІД арнайы мемлекеттік мұрағаты азаматтардың өтініші бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған Ресей Федерациясы Мәскеу қаласы, Нижегород облысы, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары, соның ішінде Орал Архиепископ және Ақтөбе Антония тұрғындары туралы ақпаратты ұсынды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале