26.04.2019, 23:07
Оқылды: 32

«WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты мәреге жетті

Техникалық және кәсіптік мамандықты таңдаған жастар арасынан үздіктерді анықтауды мақсат етіп, үш күнге созылған «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті.

IMG-20190426-WA0108

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танылғандарды облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов марапаттады. Ғабидолла Абдоллаұлы қарыштап дамып жатқан Қазақстан экономикасы үшін орта буын мамандық иелері аса қажет екендігін, қазіргі таңда жоғары білім алуға тырысатын тенденция өзгеріп, нарық сұранысына сай мамандықты таңдау басымдыққа ие екендігін айтып өтті. Кәсіптік-техникалық салада тер төгуге бел буып, еңбек нарығының қажеттілігіне сай таңдау жасаған жастарға алғысын білдірген Ғ. Абдоллаұлы жас мамандардың деңгейін анықтап, білім-біліктерін екшеуге мүмкіндік беретін сайыстар, тәжірибе алмасу алаңдарын көптеп ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. Шара барысында өңірлік чемпионаттың әр саласы бойынша қолдау білдірген әлеуметтік серіктестер – «Евенеева» ЖШС директоры Балзия Евенеева, «Эльдивино» мейрамханасының директоры Виктор Чудинов, «Авдеева» ЖК басшысы Таисия Авдеева облыс әкімі орынбасарының алғысхатымен марапатталды.

IMG-20190426-WA0107Сарапшылардың жан-жақты сараптауы нәтижесінде «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатында озық шығып, республикалық деңгейде өңір намысын қорғайтын білімді де білікті жастар анықталды.

Олар: дәнекерлеу технологиясы бойынша Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті Арман Сәлімжанов, «Сандық бағдарламамен басқару станогындағы токарьлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша аталмыш колледждің студенті Өмірбек Нығметов, электрмонтаждау бойынша Батыс Қазақстан индустриалды колледжінен Думан Мақсот, «Кірпішті қалау» құзыреттілігінен Шыңғырлау колледжінің студенті Мирас Нұрланов, «Сылақтау және декорациялық жұмыстар» бойынша Орал политехникалық колледжінен Серікқали Қажғалиев, «Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша аталмыш колледж студенті Сағындық Зияденов, «Ағаш шеберлігі ісінен» политехникалық колледж намысын қорғаған Марлен Сатыбалдыұлы, «Дизайн және киімдерді үлгілеу» құзыреттілігі бойынша Орал «Сервис» технологиялар колледжінен Гүлфат Қарабалина, шаштараздық өнері үздік деп танылған осы колледж студенті Гүлнұр Таирова, «Аспаз ісінен»Сервис және жаңа технологиялар колледжінен Айбек Әділбекұлы, «Наубайхана ісінен» аталған колледж студенті Ләззат Жұмабекова, кондитерлік іс бойынша осы оқу орнының тағы бір талапты жасы Анна Иванова, мейрамхана сервисі саласында мықтылығын танытқан Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Алтынбек Талапов, «Аутомеханик» құзыреттілігі бойынша Амангелді Иманов атындағы жол-көлік колледжінен Сұлтанбек Ұспанов, «Жеңіл аутокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» саласы бойынша біліктілігін танытқан осы колледж студенті Павел Шлапак, «Дизель қозғалтқышын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Амангелді Иманов атындағы жол-көлік колледжінен Ғаділжан Мәмбеталиев, «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының слесарь-жөндеушісі» мамандығы бойынша Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің студенті Рамазан Құрақбаев, «Графикалық дизайннан» Жоғары аграрлық-техникалық колледжден Марсель Шайхиев, веб-дизайн бойынша шеберлігін танытқан Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Дмитрий Гутарев, «CAD инженерлік графикасы» саласында Жоғары аграрлық-техникалық колледж абыройын асқақтатқан Никита Смирнов, ветеринария саласы бойынша аталған колледжден Жомарт Байзолла, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудан» Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Айгерім Тұрсынова, «Медициналық және әлеуметтік күтім» саласында біліктілігін дәлелдеген Батыс Қазақстан медициналық колледжінің студенті Диляра Жұмашева.

Аяужан Кереева, 

zhaikpess.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале