12.12.2017, 12:13
Оқылды: 55

Халыққа қызмет көрсету орталығында сурдоаудармашылар жұмыс істеуде

IMG_2705Облыс бойынша барлық халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттарында тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру, есту, сөйлеу қабілеттері нашар азаматтардың еш кедергісіз қызмет алулары үшін мейлінше жағдай жасалған. Арнайы электрондық кезексіз қабылдайтын терезе, тактильді жолдар, «Брайль тақтасы», кіреберістегі пандустар мен арнайы қоңырау, автотұрақ - барлығы да нормативтік стандарттарға сай орнатылған.

Биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис іске қосылды. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тілін меңгерген мамандар жұмыс істеуде. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты  қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады.

IMG_2662Сондай-ақ, «2013 жылдан бері 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар 1414 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерін үйлеріне шақырып, қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін ала алатын. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап бұл сервис Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, барлық санаттағы мүгедектігі бар тұлғаларға, оған қоса мүгедектігі бар балаларға да қолжетімді», - деп қосты Бассаров.

Үстіміздегі жылдың өткен 11 айының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында ХҚКО департаменті жұмыскерлері 1399 рет өтініш берушілердің үйлеріне шығып, 2500-ден астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы –

«Халыққа қызмет көрсету орталығы»

департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале