22.12.2016, 15:57
Оқылды: 33

Заңсыз киік аулаушыға сот үкімі шықты

kiik  БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Р.Щербинин биылғы қыркүйек айында Тасқала ауданының Мереке ауылдық округіне қарасты Аққұс қыстағы маңында заңсыз бес киік атып алған. Көп ұзамай ол киіктердің тұтас етімен Тасқала ауылының тұсында ішкі істер органы мен прокуратура қызметкерлерінің қолына түсті.


  Тасқала аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлімі 2, 4-тармақтарына сәйкес, Р.Щербинин айыпты деп танылды. Оған 3 жылға аң аулау құқығынан айырумен бірге 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 2 386,125 мың теңге материалдық залалдың толық көлемде өндірілуіне байланысты прокурормен айыпталушының кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды.

   Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале