16.12.2019, 19:59
Оқылды: 94

Зачаган кентінде екі спорт алаңы пайдалануға берілді

Бүгін Зачаган кенті тұрғындарының қуанышы еселеніп, жасөспірімдер мен барша спорт сүйер қауымға екі бірдей спорт алаңы қолданысқа берілді.

Аталмыш алаңдар кенттің Құс фабриксы және Балауса аудандарынан орын тепкен. Тәуелсіздік күні мерекесінде Зачаган кентінің кішкентай тұрғындарына бұндай сыйлық "Самрұқ-Қазына" АҚ компаниялар тобының “Samruk-KazynaTrust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен сыйға тартылып отыр. Әмбебап спорттық және балалар алаңы үш аймақтан тұрады: футбол алаңы, алаң қыс мезгілінде xоккей кортына айналады, балалар алаңы және жаттығу аймағы. Ойын алаңы жасанды жабынмен, ал балалар және жаттығу алаңы жарақат алмас үшін арнайы резеңке жабынмен төселген.

VideoCapture_20191216-195025

Спорттық алаңдардың ашылу салтанатында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Спорттың маңызы мен өзектілігін сөз етіп, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

VideoCapture_20191216-195048

Сондай-ақ жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, осы бағытты дамытуда әлі де талай жұмыс атқарылатынын жеткізді.
Келесі болып сөз алған қоғамдық кеңес төрағасы Қамал Құбашев аталмыш алаңның салынуына ұйытқы болған азаматтарға халықтың алғысын білдіріп, бата берді.

VideoCapture_20191216-195002
Спорттық алаңдардың лентасын ел мақтаныштары, өз саласының шеберлері, жоғары дәрежелі жаттықтырушы, қол күресінен әлем және Азия чемпиондарын дайындаған бапкер Мұрат Ибатов және желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында әйелдер және ерлер арасында өткен киокушинкай каратэден KWU әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралған Эльнара Тоғызбаеваға және Зачаганск кентінің аға буын өкілдері Бейбіи Қарғабаев пен Камал Құбашев қиды. Салтанатты шара жасөспірімдер арасында футболдан жолдастық кездесу мен көңілді сөре ойындарына жалғасты.

 

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале