31.01.2020, 10:46
Оқылды: 208

Зачаган кентінің тұрғындары 57 мыңнан асты

Бұл жайлы аталған кенттің әкімі Әділбек Қадыровтың халық алдындағы есебі кезінде айтылды. Кент әкімінің есебіне Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысты. Әкім есебінің өту барысы жайлы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыров есебінде кенттің даму бағыты туралы айта келе, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі, кәсіпкерлік, тұрғын-үй жаңғырту бағдарламасы, ПИК, жол жөндеу, қатты тұрмыстық қалдықтар, қар тазалау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, білім саласы, тұрғындармен жұмыс, әкімдіктің қызмет көрсету жұмыстары, жарықтандыру, абаттандырудың биылғы жоспарына тоқталды.

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков

57 500 тұрғыны бар Зачаган кентінде 13 шағын аудан, 1 елді мекен бар. Халық саны 2018 жылғымен салыстырғанда 10 пайызға өскен. Кенттің кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді.

Кентте 2019 жылы ірі 5 жоба өз жұмысын бастаған. Атап өтсек, «Fly max», «Планета одежды», «Марсель» банкет залы,  «Ағайын holl» банкет залы, «АвтоДоктор» сервистік орталығы.

Биыл Зачаган кентінде құны 6 млрд. теңге болатын аумағы 4 гектар жылыжай құрылысы аяқталмақ.

Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыров

Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыров

Былтыр кент аумағында ұзындығы 157 шақырымды құрайтын 172 көшенің кейбіріне жөндеу жүргізілген. Биыл абаттандыру бағытында Сарытау ықшамауданында 4 аялдама, 3 балалар алаңы салынады. Бөкейханов көшесін жөндеудің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Есеп беру кездесуіне қатысқан кент тұрғындары қоқыс полигоны, жылу трассасы, аялдамалар, бағдаршамның жұмысы, «Балауса» ықшам ауданына мектеп салу, №6,7,22 қоғамдық көлік, кооперативті басқару, көшелерге тарихи атау беру, «Хан тоғай» демалыс саябағының жай-күйі және тағы басқа да өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, сауалдарға қала әкімі А.Шыныбеков тарапынан жауап алды. Қала әкімі атап өткендей, шаһарда барлығы 28 маршрут бағыты бойынша 445 автобус қызмет көрсетеді. Оның ішінде 10 маршрут саяжай бағытына, 6 маршрут қала маңына қатынайды. Сонымен қатар А.Шыныбеков Зачаган кенті халқының қарқынды өсіміне байланысты түйткілді мәселелер ауқымы да артып жатқанын атап өтті. Сондықтан қордаланған мәселелерді көше комитетін құру арқылы шешу туралы ұсынысын айтты. Кент тұрғындары өзекті мәселелерді кент әкімдігіне артып қоймай, бірлесіп шешуге дайын екенін білдірді.

zachagan (3)

zachagan (4)

zachagan (1)

Н.Рахманов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале