6.06.2019, 22:22
Оқылды: 133

«Зачаганск сөзінің тап осылай қолданысында мағынасы жоқ»

 Бүгін тікелей эфирде өткен «Әкім сағатында» облыс әкімі Алтай Көлгінов дәл осылай айтты.

 altai (2)

        Эфир барысында өңір тұрғындарынан көп сауал түсті. Ал Ақерке Бақтығалиева есімді тұрғын Зачаган кентінің атауын қазақшалауды сұрады.
-Шынында да кенттің атауын өзгерту туралы мәселе көптен қозғалып келеді. Есептік кездесулерде де көтерілді. Ақын Жұбан Молдағалиев атын беру туралы ұсыныс айтылды. Расында да «Зачаганск» сөзінің тап осылай қолданысында мағынасы жоқ. Шағанның арғы беті деп айтылып, кент солай аталып кеткен. Кентте 50 мыңға жуық адам тұрады. Құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында жаңадан 50-ден астам көп қабатты үй бой көтерді. Сондықтан атауын өзгертуді ономастикалық комиссия қарайды. Азаматтардың ұсыныстары да ескеріледі, -деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

зачаганск

Динара Насыр,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале