20.10.2017, 15:40
Оқылды: 577

«Замандасқа айтарым бар» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Аманат-Жайық» қоғамдық қоры ұйымдастырған шығармашылық байқау жеңімпаздары марапатталды.

Шығармашалық байқау 2017 жылдың 14 қыркүйегінде жарияланған болатын. Байқау қоғамдағы діни мәселелерге қатысты туындап отырған жағдайларды сипаттап, халықтық салт-сана және еліміз үшін дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеу, түрлі теріс діни ағымдардың әрекетін сынға алуды мақсат етті.

4 аталым бойынша ұйымдастырылған байқауға 18 бен 37 жас аралығындағы облыс тұрғындарынан 70-тен аса өтініш түсті.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік өлең» аталымында Теректі ауданы «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінің жауапты хатшысы Әділет Орынбасаров, «Үздік эссе» жанрында Тасқала ауданы Достық мәдениет үйінің әдіскері Саягүл Орахова, «Үздік көркем шығарма» аталымында оралдық Армат Рахметжанов бас жүлдегер атанды. «Үздік мақала» аталымы бойынша тұшымды шығарма болмауы себепті бас жүлде берілмеді. Жеңімпаздарға ноутбук сыйға тартылды. Сонымен қатар барлық аталым бойынша жүлделі бірінші, екінші, үшінші орын иегерлері анықталып, арнаулы диплом мен бағалы сыйлықтар тарту етілді. Жұмыстары оң бағаланған үш үміткер ынталандыру сыйлығын алды.

Салтанатты марапаттау рәсімін жастар шығармашылығы орталығының әншілері әсем ән-күймен көркемдеді.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале