18.01.2018, 18:51
Оқылды: 28

Заңгерлер есеп берді  

 

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникацияларқызметінің алаңында облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Хамидолла Құсдәулетов және Орал қалалық әділет басқармасының басшысы Естай Рашқалиев БАҚ өкілдері алдында есеп берді.

Хамидолла Құсдәулетов аталмыш департаменттің өткен жылғы жалпы жұмысына сипаттама беріп, кейін сала бойынша тоқталды. Сонымен өткен жылы жылжымайтын мүлікке қатысты 63 мың 170 құқық тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 мың жағдаятқа артқан.

Қазір облыста 93 нотариус бар. Олар алдыңғы жылмен салыстырғанда, бір адамға азайған. Қазір өңірде 151 адвокат жұмыс істейді. Есепті кезеңде олардың саны 11 адамға өсті.

Құсдәулетовтің айтуынша, биыл қабылдануға тиіс «ҚР адвокатура туралы» заңы іс жүзіне енгізілсе, онда халыққа қорғаушылар жұмысы қолжетімді болмақ.

Х.Құсдәулетов пен Е.Рашқалиев әділет саласының басқа да жұмыстары туралы кеңінен баяндады және журналистердің сұрақтарына жауап берді.

С.Ихсанғали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале